14
Наурыз

Дулати университетінде «Азаттық аңсаған Алаш арыстары» тақырыбында семинар өтті

14 наурыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық филиалы және Дулати университетінің тарих кафедрасының ұйымдастыруымен «Азаттық аңсаған Алаш арыстары» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға партия филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова қатысып, Алаш идеясын жалғаған «Ақ жол» Демпартиясының бастамасымен Алаш қайраткерлерінің еңбегін насихаттау бағытында атқарылып жатқан ауқымды жобалар жайлы айтып өтті.

Семинарды ашып-жүргізіп отырған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің тарих кафедрасының меңгерушісі, доцент Ермекбай Серікбаев Алаш арыстарың өмірі мен еңбектеріне тоқталды. «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі» мемлекеттік комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің архивінің қолдауымен жарық көрген «Алашорда ісі 1920-1940 жылдар. Құжаттар мен материалдар» 12 томдығы жарық көргенін айта келіп, ондағы келтірілген деректер жайлы әңгімеледі.

Сейсекүл Дүйсебайқызы кафедраға «Ақ жол» партиясы ұйымдастыратын «ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» жалпыұлттық байқауының еңбектері топтастырылған жинақты тарту етті. Байқаудың облыстық кезеңіне қатысушы студенттерді марапаттап, Алғыс хат тапсырды.