20 ақпан 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясы Қызылорда облысының Қармақшы аудандық өкілдігінің төрағасы, Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты Дәулет Аббазұлы Қанатбай Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы Әділ Үсенұлы Қошалақовпен бірге Жосалы кентіндегі бірқатар бөбекжайлар мен кенттегі N250 Т.Көмекбаев атындағы мектеп-лицейінің және N27 С.Есқараев атындағы орта мектебінің санитарлық талаптарға сәйкестігі, мектептердің оқу кабинеттерінің жай күйімен, сондай-ақ оқушылардың білім алуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуімен танысты.