05
Тамыз

Дәулет Қанатбай Қармақшы ауданы бойынша азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізді

5 тамыз 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясының Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық мәслихатындағы депутаты Дәулет Қанатбай "Ақ жол" партиясының Қармақшы ауданы бойынша өкілдігінде азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген Жосалы кентінің тұрғындары ауыз су, аяқ су, көшелердің  жарықтандару мен балаларға арнап ойын алаңдарын  салу мәселесімен жүгінді.

Депутат Д.Қанатбай тұрғындардың талап тілектерін мұқият тыңдап, көтерген мәселелері бойынша, оның ішінде балаларға арнап ойын алаңын салу бойынша өз көмегін көрсететінін айтты және аталған коммуналдық мәселені шешу үшін заң аясында жауапты мекемелермен, сала мамандарымен бірлесіп шешу жолын қарастыратындығын жеткізді.