20
Наурыз

Дәулет Пернебекұлы Наурыз мерекесіне орай мұқтаж көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетті

20 наурыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Кеңес мүшесі, Жамбыл ауданының партия үйлестірушісі Дәулет Пернебекұлы Наурыз мерекесіне орай қолдауға мұқтаж көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балалардың күтімін жасап отырған аналарға азық-түлік таратты.

«Наурыз – қайырымдылықтың мерекесі. Бұл күндері халқымыз жетім мен жесірді жабырқап, мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық көрсеткен. Жұтқа ұшыраған жандарға жұмылып, жылу жинап берген. Азық-түлік себетін дайындауда әлеуметтік маңызы бар тауарларды қамтыдым. Мен арнайы барып, мерекемен құттықтап шыққан отбасылар мүмкіндігі шектеулі балаларды бағып-қағып отырған жандар екен. Соларға демеу болып, қуанта алсақ, ол да бір игі іс», - дейді Дәулет Пернебекұлы.

Ұлыс күні – ізгілік мерекесі, жаңарудың бастауы. Әз Наурызда отбасыларға қолдауға мұқтаж отбасыларға қуаныш сыйлап, игі іс жасаған Дәулет Пернебекұлына тұрғындар да ризашылығын білдіруде.