27
Тамыз

Дәурен Ахметжаев 5 балаға мектеп формаларымен бірге, оқу құралдарын тапсырды

27 тамыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

“Ақ жол” партиясы атынан бір мандаттық жүйемен сайланған Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Дәурен Ахметжаев Жамбыл ауданы Бесағаш ауылындағы көпбалалы отбасылардың 5 баласына мектеп формаларымен бірге, оқу құралдары салынған рюкзак сыйлады.

Көпбалалы, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылар үшін бұл үлкен көмек. Ата-аналар ақжолдық депутатқа ризашылықтарын жеткізіп, партия бастамаларына сәттілік тіледі.