14 қараша 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарынан құрылған уақытша жұмыс тобы Тараз
қаласындағы құрылыс нысандарын аралауда. Халық қалаулыларының мемлекеттік
бағдарламалардың тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында зерделеу
жұмыстарын бастағанынан құлағдар болған тұрғындар өз арыз-шағымдарын жеткізуге
жиналды.
«Ақ жол» партиясынан сайланған облыстық мәслихаттың депутаты Дәурен Ахметжаев
тұрғын үй құрылысын жүргізген мердігер тарапынан жіберілген өрескел кемшіліктер
тұрғындар үшін қолайсыздық тудырып отырғанын ашық айтты.
«15 шағын аудандағы №63, 62, 61 үйдің тұрғындарының арызданатындай жөні
бар. Бұл үйлерде ауа сорғыш талапқай сай
орнатылмаған. Салдарынан пәтер иелері кәріз жүйелерінің қолаңса иісін жұтуға
мәжбір. Біз 63 үйге барып, шағымның негізсіз емес екенін көрдік. Ауа сорғыштың
диаметірі де талапқа сай емес. Оның үстіне мердігер мекеме ауа сорғышты
шатырдың ішіне орналастыруды жөн көрген. Қолаңса иістің бөлемелерге таралуы да
осыдан. Жалпы ауа сорғыш шатыр ішінде
емес, сыртында орналасуы тиіс. Мұндай кемшілік бірқатар үйде бар. Тұрғындар
ауладағы көгалдандыру жұмыстарын да сынға алды. Мұнда мердігер жасыл желекке
орын қалдырғанымен ауызсу жүйесіне назар аудармаған. Тіпті су құбырлары да жоқ.
Балалар ойын алаңшаларының да жағдайы талапқа сай емес.
Кепілдемелік мерзімі бар мердігер
тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселені талапқа сай жасауы қажет. Біз
бұл жұмыстардың аяқ-алысын тұрақты бақылауда ұстайтын боламыз», - деді Дәурен
Хайроллаұлы.




