05
Маусым

Дәурен Ахметжаев кеңестің кезекті отырысына қатысы

5 маусым 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Жақында ғана өңірлік Әдеп кеңесіне мүше  болып сайланған  «Ақ жол» партиясынан бір мандаттық жүйе бойынша Жамбыл облыстық мәслихатына сайланған депутат Дәурен Ахметжаев кеңестің кезекті отырысына қатысы.

Депутаттың айтуынша, отырыста мемлекеттік қызмет саласында анықталған бірқатар кемшілік бойынша аудан және басқармадағы жауапты басшылардың тәртіптік жауапкершілігі қаралған.

«Күн тәртібіне енгізілген тәртіптік істер заң талаптары шеңберінде қаралып, талқыланды. Қаралған мәселелерге қатысты өз ой-пікірімді білдіріп, ұсынысымды айттым. Заң талаптарын ескере отырып, кеңес мүшелері 3 тәртіптік істі қысқартты.

Мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Президент – халық менеждері» деген болатын. Бұл кез келген деңгейдегі басшылардың негізгі міндеті – елге қызмет етуі қажеттігін көрсетеді», - дейді Дәурен Ахметжаев.

Сонымен қатар, кеңес отырысында облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының және Тараз қаласы әкімі аппараты басшысының есептері тыңдалды.