30 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
“Ақ жол” партиясынан Жамбыл облыстық мәслихатына бір мандаттық жүйемен
сайланған депутат Дәурен Ахметжаев облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі
болып сайланды.
Ақжолдық депутат кеңестің жаңа мүшесі ретінде қатысқан кезекті отырыста
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша
департаменті басшысы Айгүл Балғабаеваның есебі тыңдалды.
Сондай-ақ Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика
бюросының облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Инна Щевцова, Байзақ
ауданы әкімі аппаратының басшысы Асылжан Құрманов атқарылған жұмыстар бойынша
баяндама жасады.
Сыбайластық әрекеттердің алдын алуға қарсы төрт профилактикалық мәселе
қаралып, айтылған ұсынымдарға қатысты шешім қабылданды.