30
Мамыр

Дәурен Ахметжаев облыстық турнирдің ашылу салтанатына қатысты

30 мамыр 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында жаңадан ашылған спорт кешенінде еркін күрестен жасөспірімдер арасында ашық турнир өтті. Жарыстың ашылу салтанатына Жамбыл облыстық мәслихатына бір мандаттық жүйемен сайланған депутат Дәурен Ахметжаев қатысты.

Жас балуандар арасындағы бәсеке КСРО спорт шебері, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Кеңесбек Галиакпаровтың зейнеттік демалысқа шығуына байланысты ұйымдастырылды.

«Жас жеткіншектер спортта көптеген жетістіктерге қол жеткізген аға буынды үлгі тұтып өседі. Сондықтан бүгінгі іс-шараның маңызы зор», - дейді депутат.

Айта кету керек, Бесағаштағы спорт кешенінің бой көтеруіне ақжолдық депутаттың қосқан үлесі көп. Мәселе көтеріп, құрылыс басталғанда нысан пайдалануға берілгенше, құрылыс жұмыстарының барысын назарда ұстап отырды.