11
Қараша

Дәурен Ахметжаев Тараз қаласында зерделеу жұмыстарын жүргізді

11 қараша 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан Жамбыл облыстық мәслихатына бір мандаттық жүйемен сайланған депутат Дәурен Ахметжаев уақытша құрылған жұмыс тобымен бірге Тараз қаласындағы мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатқан құрылыс нысандарын аралады.

Жұмыс тобына жүктелген негізгі  міндеттердің бірі – облыс аумағында мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан құрылыс нысандарының сапасын қадағалау, осы мақсатқа жоспарланған қаражаттың тиімді жұмсалуын зерделеу.

«Бірқатар әлеуметтік нысандарды, оның ішінде білім мекемелері мен спорт алаңдарына барып, құрылыс жұмыстарына зерделеу жүргіздік. Басты мақсат – жоспарланған жобалардың уақытылы және талапқа сай орындалуын қадағалау. Құрылыс сапасына қатысты мердігерлерге ұсыныстарымызды айттық. Әрбір нысан – ауданның, қаланың әлеуметтік және экономикалық дамуына үлес қосатын маңызды жоба. Сондықтан, бюджет қаражатының ашық әрі тиімді жұмсалуы тиіс. Зерделеу барысында анықталған кемшіліктер назардан тыс қалмайды. Алдағы кезекті сессия отырысында көтерілетін болады», - дейді Дәурен Хайроллаұлы.