Еңбекке қамқорлық елдікке бастайды - Астана акшамы (Астана)
ҚР Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Ақтөбеде әлеуметтік сала қызметкерлерімен, іскерлер қауымымен, ферроқорытпа зауытының және «Актюбрентген» ақ ұжымымен, сондай-ақ, ардагерлер ұйымдарының және патриоттық клубтардың өкілдерімен кездесті.
Делегация құрамында РҚШ жетекшісі М.Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек, «Ақжол» партиясының төрағасы А.Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы С. Сұлтанғали, ҚХА төрағасының орынбасары А. Башмаков, Парламент депутаттары және т.б. зиялы қауым өкілдері бар.
Олар Қ. Жұбанов атындағы мемлекеттік университеттің Студенттер сарайында өткен Елбасын жақтаушылар жиынына қатысты. Ақтөбеліктер бүгінгі Қазақстанның экономикалық жетістіктері мен әділетті әлеуметтік саясатын Н.Назарбаев есімімен байланыстырады.
РҚШ мүшелері Ақтөбе ферроқорытпа зауытына барды. 4 мыңға жуық адам жұмыс істейтін, өнімі алыс-жақын шетелдерде зор сұранысқа ие кәсіпорынның жаңа технологиялар енгізу жөніндегі бас маманы Жәнібек Нұрмұханбетов кездесуде: «Біздің жолымыз болды, өйткені, біздің лидеріміздің өзі де еңбек ұжымынан шықты. Ол басқаларға қарағанда жұмысшының қажеттілігі мен үмітін жақсы біледі. Сондықтан да, біз Қазақстанның металлургтері Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс береміз!» деді.
Сондай-ақ, РҚШ мүшелері Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияда ардагерлер ұйымдары және патриоттық клуб өкілдерімен жүздесті.
Түстен кейін олардың ақтөбелік кәсіпкерлермен кездесуінде бизнесмендер Мемлекет басшысының үнемі қолдау көрсетуі арқасында өңір экономикасы тұрақты даму үстінде екендігін атап айтты. Қазір облыста 39 мыңнан аса кәсіпкер тіркелген. 2014 жылы олардан бюджетке түскен салық көлемі 124 миллиард теңгеге жеткен. Осы жүздесуде сөз алған жас кәсіпкер Тимур Қалиев: «Мен тоғыз жыл бойы кәсіпкерлік қызметпен айналысып келемін... ЕАЭО құру бизнесімнің еш кедергісіз Ресей нарығына шығуына мүмкіндік береді. Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграцияның негізін қалаушы әрі бас локомотиві екенін білемін. Мен президентімізге біз үшін миллиондаған жаңа нарыққа жол ашқаны үшін алғысымды білдіргім келеді»деді...
Содан соң РҚПІ мүшелері «Актюбрентген» АҚ-ның қызметкерлерімен кездесті.
Зауытта 250 жыл жұмыс істеген еңбеккер Батановтар әулетінің өкілі - электрмонтажшы Ақжарқын Омарова тәуелсіздік жылдары ішінде кәсіпорын өміріне елеулі өзгерістер енгенін атап өте келе,« Осы қиын да ұзақ жолды Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге жүріп өттік және бұдан әрі де біз онымен бірге боламыз» деді.
Зауыт адамдары еңбек адамдарына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқан Ұлт көшбасшысына бірауыздан дауыс
беретіндіктерін мәлімдеді.
* * *
ҚР президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Қостанай облысына барып, аграршылармен, еңбек ұжымдарымен кездесті, сондай-ақ, Ұлт көшбасшысын жақтаушылар форумына қатысты.
Осы кездесулер барысында Рудный қаласындағы №1 мектеп-интернаттың мұғалімі Ирина Дмитриева, «Сад-чиковское» ЖШС қызметкері Елена Шархиева, прокат зауыты - «ЕвразКаспианСталь» ЖШС-нің жұмысшысы Наталья Асташкина мен директоры Сергей Сотников, «Агромашхолдинг» АҚ басқармасының төрағасы Александр Сидоренко сөз сөйлеп, жергілікті өндіріске қарымды қолдау көрсеткені үшін Елбасына алғыстарын арнады.
Алдағы президент сайлауында Н. Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға арналған форум ұйымдастырылып, оған мыңдаған қостанайлық қатысты.
Дерекнама - Астана акшамы (Астана), № 41 (3246), 18.04.2015