12
Қыркүйек

Елена Ан K-PARK мәдени-іскерлік орталығы құрылысының алғашқы тасын қалау рәсіміне қатысты

12 қыркүйек 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясы  Қызылорда облыстық филиалы Кеңесінің мүшесі, облыстық Корей қауымдастығының төрайымы Елена Ан  Алматыдан 11 км қашықтықта жаңа Алатау қаласын дамытудың бас жоспары шеңберінде құрылатын білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және креативті индустриялар кластері - Golden District ауданында 8,5 га аумақта орналасатын K-PARK мәдени-іскерлік орталығы құрылысының алғашқы тасын қалау рәсіміне қатысты.

Жоба Корей қауымдастығының Қазақ халқына және Қазақ жеріне деген үлкен құрметі мен  алғысының символы ретінде ойластырылған.

Жоба авторларының айтуынша, Қазақ халқының шексіз қонақжайлылығы мен рухани жомарттығының арқасында Корей диаспорасы Қазақстан халқының ажырамас бөлігіне айналды.

К-Парк аумағының жалпы  көгалдандыруы  40 мың м2 құрайды - бұл Алматы облысындағы барлық парктердің қазіргі алаңының 20%.  Онда үлкен саябақ алқабынан басқа мәдениет, өнер және сәулет нысандары, атап айтқанда:

- Қазақ халқына алғыс мемориалы;

- Қазақ және Корей мәдениеті ортақтығы мен бірегейлігін көрсететін бақша;

- Келушілер Корея халқының дәстүрлі мүсіндерімен қоса ежелгі Корей тарихымен де таныса алады;

- Қазақстандық кәрістердің тұрмыс ерекшеліктерімен таныстыратын Коре Сарам аймағы;

- «Өмір ағашы» арт-объектісі;

- Кітапхана;

- Корей диаспорасының тарихына арналған интерактивті мұражай және т.б. болады деп жоспарлануда.