16
Наурыз

Еліміздің барлық қалаларында «Ақ жолмен» - жарқын жолмен!» автошеруі өтті

16 наурыз 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Еліміздің барлық қалаларында «Ақ жолмен» - жарқын жолмен!» автошеруі  өтті. «Ақжолдың» республикалық штабы бұл креативті акцияны сайлау науқаны аясында дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді.


Бүгін бір уақытта Астана, Шымкент, Қызылорда, Павлодар, Атырау, Өскемен, Көкшетау қалаларындағы, сондай-ақ, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарындағы «Ақ жол» партиясының кеңселерінен демпартияның туларымен және үгіт-насихат құралдарымен безендірілген ақ түсті көліктердің легі жолға шықты. Жалпы шеруге 200-ден астам көлік қатысты.


Көліктердің түсі де кездейсоқ таңдалмаған, ол «Ақ жол» демократиялық партиясының атауымен үндес. Ақ түс тазалықты, таңдалған жолдың ашықтығын білдіреді.

Көліктердің автошеру маршруттары Қазақстан қалаларының барлық орталық көшелерін, көпірлерін, жол айрықтары мен даңғылдарын қамтыды.