12 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы⠀
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «YBYRAI
CUP» облыстық пікірсайыс турнирінде “Ақ жол” демократиялық партиясының Абай
облыстық филиалының жастар кеңесінің мүшелері белсенді атсалысты.
Атап айтсақ, турнир төрешілері құрамында кеңес мүшелері Серікқазы Нұрқадір,
Сәрсен Жанерке және Қидырмина Айым пікірсайыс мәдениеті мен әділ бағалаудың
жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.
“Ақ жол” партиясының жас буыны ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге және
жастар арасында сындарлы ой мен пікір алмасу мәдениетін дамытуға әрдайым қолдау
білдіреді.