9
желтоқсан 2024 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы
2024 жылдың 8 желтоқсанында Маңғыстау
облыстық мәслихаты депутаттарының шығып қалған орнына сайлау өтті.
Аталған саяси додаға “Ақ жол” партиясы
Маңғыстау облыстық филиалы да өз кандидатын қосқан еді.
Ол осы өңірдегі өндірістің дамуына қажырлы
еңбек етіп жүрген Ербол Айтуов.
Сайлаушылардың белсенділігі мен сенімінің
арқасында ақжолтай хабар жетті.
Сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын жариялады.
“Ақ жолдық” Ербол Айтуов Маңғыстау
облыстық мәслихаты депутаты болып сайланды. Оған сайлаушылардың 51,70 % дауыс
берді.
Ал өзге кандидаттар Г.С. Гусман - 32,01 %, А.А. Ербөлеков - 5,49 %, Д.Ж. Қобланов - 8,28 % жинаған. 1,47 % бәріне қарсы дауыс берген.
Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз.
Барлық бастамаларына іске сәт тілейміз!