28 қыркүйек 2023 жыл, “Ақ жол” демпартиясының баспасөз қызметі
23-24 қыркүйек аралығында Ерейментау қаласында дәстүрлі қазақ күресінен сегізінші рет 2006-2008 жж аралығындағы жасөспірімдер арасында қазақ күресінен жарыс өтті.
Жарыстың мақсаты 1937 жылы 27 қыркүйекте ату жазасына кесілген Әлихан Бөкейхан мен 1937 жылы 8 қыркүйекте Алаш ұстанымын жерлестері арасында таратқаны үшін абақтыға жабылып, қыршын құрбан болған ерейментаулық Перуаш Кәрімұлын еске алу болатын.
Турнирге «Ақ жол» демпартиясының төрағасы Азат Перуашев, ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық аймақтардан келген “Ақ жолдың” мәслихат депутаттары, Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мукатов, әлихантанушы, алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлы және партия филиалдарының өкілдері қатысты.
Жарысқа Алматы, Қонаев, Семей, Шымкент, Астана, Ерейментау, Көкшетау қалалары мен Қызылжар, Павлодар, Абай, Қарағанды, Ақмола, Алматы обылыстарынан жалпы саны 213 балуан қатысты.
Шара барысында «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев жас палуандарға Алаш идеясын, тарихи мағынасын түсіндіріп, сәттілік тіледі. Сондай-ақ “Ақ жол” лидері осы жас спортшылардың арасынан болашақ олимпиада, әлем чемпиондарының шығатынына да еш күмән жоқ. Бірақ ең алдымен оларға еліміздің лайықты азаматы, ұлтшыл, мемлекетшіл нағыз ер азаматы болып өсулері керек екенін айтты.
Ал Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мукатов әр өңірден келген спортшыларға сәттілік тілесе, әлихантанушы, алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлы жарысқа қатысушыларға Алаш жолынан таймай, қазақ халқына қызмет етуге шақырды және қыркүйек айының 27-сі Қазақ елі үшін тарихтағы қандай қастерлі дата екенін түсіндірді.
Боз кілемде күш сынасып, тартысты ойын көрсеткен палуандар өзара мықтыны анықтады.
Оның ішінде:
46 келі салмақта
1 орын – Рауан Газизов (Ерейментау ауданы)
2 орын – Ералы Исмагулов (Екібастұз қаласы)
3 орын – Нұрасыл Бакберов (Абай облысы), Азамат Кошкинбаев (Шымкент қаласы)
50 келі салмақта
1 орын – Мадияр Кайриден (Екібастұз қаласы)
2 орын – Ақарыс Толес (Степногорск қаласы)
3 орын – Ершат Мұратбекұлы (Қарағанды облысы), Сүлейман Азденбай (Степногорск қаласы)
55 келі салмақта
1 орын – Алишер Медеуұлы (Қарағанды қаласы)
2 орын – Рысдаулет Жаманкүл (Шымкент қаласы «BELES» командасы)
3 орын – Нұрбақыт Әділбек (Көкшетау қаласы), Адиль Қалымжанов (Ақмола облысы)
70 келі салмақта
1 орын - Нұрдәулет Құрманғазы (Астана қаласы)
2 орын – Әнуар Шәріпбек (Астана қаласы)
3 орын – Досжан Қасенов (Қарағанды облысы), Бейбарыс Жалғас (Қарағанды облысы)
60 келі салмақта
1 орын – Мұқтар Бақытжан (Ақмола облысы)
2 орын – Ернұр Әбдіразақ (Шымкент қаласы)
3 орын – Бектөре Құрманәлі (Шымкент қаласы), Жәнтірхан Шаяхмет (Ерейментау ауданы)
65 келі салмақта
1 орын – Айбота Али (Павлодар облысы)
2 орын – Айхан фархадұлы (Павлодар облысы)
3 орын – Мирас Жұмақожа (Астана қаласы), Думан Сәдуақас (Астана қаласы)
76 келі салмақта
1 орын – Нұрсейт Сахыбай (Алматы қаласы)
2 орын - Әділдет Дүйсенбай (Павлодар облысы)
3 орын – Жомарт Ыдырыс (Шымкент қаласы), Ақбота Жұмаш (Павлодар облысы)
82 келі салмақта
1 орын – Ерасыло Мержанов (Абай облысы)
2 орын – Теміржан Иліясов (Абай облысы)
3 орын – Айбар Бейсенбек (Абай облысы), Дарын Тұяқ (Астана облысы)
82+ келі салмақта
1 орын – Ерасыл Нұрахмет (Абай облысы)
2 орын - Сагият Серікқали (Алматы облысы)
3 орын – Нариман Ердешбай (Астана қаласы), Ерұлан Шыңғыс (Астана қаласы)
Шара соңында «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Тұрлыбекұлы балуандарды марапттап, шараның маңызын айтып өтті.
Ал команда есебі бойынша бірінші орын – Ерейментау ауданы, екінші орын – Абай облысы, ал үшінші орынды – Шымкент қаласы алды.