03
Шілде

Ерлан Барлыбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

3 шілде 2024 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

 

БҚО-ға ҚР Парламенті Мәжілісінің «AQ JOL» ҚДП фракциясының депутаты, экология мәселелері жөніндегі комитет мүшесі Ерлан Барлыбаев жұмыс сапарымен келді. Іссапар аясында Мәжілісмен Оралдағы “ВодЭкоФильтр” ЖШС мекемесінде болып, кәсіпорынның өңірде ауыз су тапшылығын жою мәселесіне қатысты тың жобаларымен танысты. 2005 жылы негізі қаланған мекеме бүгінде еліміз бойынша суды өңдеп,  тазарту жұмыстарын үздік жүргізіп отырған кәсіпорындардың бірі.  100-ге жуық адам жұмыс жасайтын мекеменің цех жұмыстарымен танысқан халық қалаулысы кәсіпорын басшылығы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп,  алдағы уақытта оны мәжілісте қарауды уәде етті.