14 маусым 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
«Ақ жол» демократиялық партиясының облыстық филиалының кеңесшісі Ерлан
Сабыров өзінің туған ауылы Жанұзақта өткен маңызды кездесуге қатысты.
Кездесу Егінсу және Айыртау ауылдық округтерінің учаскелік инспекторлары
мен жергілікті тұрғындар арасында өтті. Шара барысында құқық бұзушылықтың алдын
алу, профилактикалық жұмыстардың маңызы, сондай-ақ мотоциклдерді тіркеу және
жүргізу тәртібі туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында ауыл ақсақалдары мен тұрғындары көлік құралдарын
заңдастыру кезінде туындап отырған нақты мәселелерді ортаға салды.
Партияның өңірлік өкілі ретінде Ерлан Сабыров азаматтық қоғам мен құқық
қорғау органдары арасындағы өзара байланысты нығайту, ауылдағы өзекті
мәселелерді билікке жеткізу – «Ақ жол» партиясының басты ұстанымдарының бірі
екенін атап өтті.