03
Қазан

Ерлік – елге аманат!

3 қазан 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы

Бүгін Ұлытау облысы бойынша ҚДП «Ақ жол» партиясының атынан облыстық мәслихат депутаты, Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Ақылбек Аманов, партия кеңесінің мүшесі Бекен Бухарбаев және Жастар қанатының жетекшісі Гаухар Менлибаева Жезқазғанда өткен Ауған соғысында қаза тапқан жерлестеріміз – интернационалист-жауынгерлер Асылбек Мамажанов пен Виктор Тарадайды еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы дәстүрлі XXXII Республикалық турнирдің құрметті қонақтары болды.

Бұл мәртебелі додаға Қазақстанмен бірге Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан спортшылар қатысты. Жергілікті қонақтар Ұлытау атынан шыққан жас спортшыларға жанкүйер болып, жігер берді.

Турнир жас буынға патриоттық рух сыйлап, батырлар ерлігін ұмытпауға үндеді.

Ақылбек Аманов спортшыларға:

«Жігіттер, рингтегі әрбір соққы – тек жеңіс үшін емес, ерлік пен намыс үшін. Сендер біздің Ұлытаудың намысын қорғап тұрсыңдар! Жеңіске деген жігерлерің мықты болсын, қайсарлықтарың елге үлгі болсын!»

Батырларымыздың есімі – мәңгі жадымызда!