1 қараша 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Қостанай қаласында өткен «Ақ жол» демократиялық партиясының барлық
деңгейдегі депутаттарының форумында Абай облыстық филиалының делегация мүшесі,
Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы Ермек Төлегенұлы Абильмажинов «Еңбегім
еліме» құрмет белгісімен марапатталды.
Марапатты «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Тұрлыбекұлы
Перуашев табыстады.
Бұл жоғары марапат Ермек Абильмажиновтың ұзақ жылғы қажырлы еңбегі мен
Қазақстан экономикасының дамуы және аймақтық индустрияны нығайту ісіне қосқан
жеке үлесін мойындаудың айғағы болды.
«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы әріптесімізді шын
жүректен құттықтайды!
Ермек Төлегенұлына мықты денсаулық, табысты қызмет және жаңа жетістіктер
тілейміз!