15 қараша 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
“Ақ жол” демократиялық партиясының мүшесі, Абай облысы Жанасемей аудандық
мәслихатының төрағасы Абильмажинов Ермек Төлегенұлы аудан әкімі Әбдікәрімов
Нұржан Оразбекұлымен бірге.
Ақбулак ауылында бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысу мақсатында
іссапар ұйымдастырды.
🔹 Сапар барысында ауылдағы білім ордасының материалдық-техникалық базасы
жан-жақты қаралып, оқу процесін қамтамасыз ету деңгейі бағаланды.
🔹 Сонымен қатар, жылу қазандықтарының қыс маусымына дайындығы, жылу
жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі және қауіпсіздігі тексерілді.
🔹 Спорт кешендерінің жағдайы да назардан тыс қалмай, олардың жастар арасында
салауатты өмір салтын насихаттаудағы рөлі мен қолжетімділігі талқыланды.
Іссапар нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша жауапты мекеме басшыларына
тиісті тапсырмалар беріліп, осы бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде нақты
шаралар қабылданатын болды.