26
Наурыз

Ернұр Қожабеков Май ауданының балалары арасында тоғызқұмалақтан ашық турнир ұйымдастырды

26 наурыз 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы

Май аудандық мәслихатының депутаты Ернұр Қожабеков “Ақ жол” демократиялық партиясының облыстық филиалының қолдауымен Май ауданының балалары арасында тоғызқұмалақтан ашық турнир ұйымдастырды.

Турнирге ауылдық округтердің командалары қатысты. 28 бала ақылдылықты, стратегиялық ойлауды және Қазақстанның терең мәдени мұрасын бейнелейтін ежелгі қазақ ойынында өз шеберліктерін көрсетті.

Қатысушылар дипломдармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Марапаттау рәсімінде қатысушыларға “Ақ жол” демпартиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Дмитрий Корепанов құттықтау сөз сөйледі.