14
Тамыз

Ержан Бейсембаев Алматы облысына іссапармен барды

14 тамыз 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы

Алматы облысына ҚР Парламент Мәжілісінен “Ақ жол” демпартиясы фракциясының депутаты Бейсембаев Ержан Алмабекұлы іссапармен өңірге келді. Алматы облысы “Ақ жол” демпартиясының филиал басшысы М. Шынасылова және филиал басшысының орынбасары А. Сағымбекұлы, Іле ауданы мәслихат депутаты Ботабеков О. Т. және облыстық партия Кеңесінің мүшесі Бармашиков Д. осы іссапарға Мәжіліс депутатымен бірге болды.

Сапар барысында Іле ауданының 4 ауылдық мекенінде кездесулер өткізілді. Атап айтсақ, Қараой, Н. Тілендиев, Байсерке және Ащыбұлақ ауылдарының белсенді тұрғындарымен кездесіп, кәсіпорындарында болып, елдің тыныс-тіршілігінен біраз мәліметтер алынды.

Қараой, Н. Тілендиев ауылының тұрғындары кездесу кезінде былтырғы “Сібір жарасы” көмбелеріне байланысты қазіргі таңда шешілмей қалған 1-2 сұрақтарын депутатқа жеткізді. Бұл сұрақтардан бөлек ауыл аймағындағы халықтың жағымсыз иістен зардап шегіп отырғаны да айтылды. Құс фабрикалары мен Алматы қаласынан осы ауыл аймағына каналдар арқылы келіп құйылып жатқан кәріз суларының экологияға және адам денсаулығына зиян келтіріп жатқаны да сөз болды.

Келесі ат басын бұрған жер – Қазақстанда 1-орын алатын “Шин-Лайн” балмұздақ фабрикасы. 30 жылдық тарихы бар бұл компания балмұздақтың 163 түрін шығарады екен. 3500 қызметкері бар, тәулігіне 350 тн өнім өндіреді (50 фура). Әлемдік балмұздақ өндірушілер рейтингінде қазір 32-орында. 10-нан аса шетел мемлекетіне өнімдерін сатып отырған компания. Керекті өнімнің, соның ішінде сүт өнімінің 40-50 пайызы осы облыс көлемінен жиналатыны туралы мәліметтер айтылды.

Ащыбұлақ ауылында орналасқан “ВТК Group” компаниясы өңірде түрлі құрылыс өнімдерін шығаратын мекеме. Соның ішінде қызыл кірпіш және жылублок (газоблок) кірпіші өндіріледі. Зауытта 90-нан аса жұмысшы жұмыспен қамтылған. Мекеме басшысы Ботабеков Олжас – “Ақ жол” демпартиясының Іле ауданы мәслихат депутаты.