15
Тамыз

Ержан Бейсенбаев Ақтау қаласындағы №25744 әскери бөліміне барды

15 тамыз 2024 жыл, “Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалы

Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен келген “Ақ жол” демпартиясының Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев Ақтау қаласындағы №25744 әскери бөліміне барды.

Депутат теңіз жаяу әскерлерімен таңертеңгілік сапқа тұру алдында кездесіп, Отан алдындағы борыштарын өтеу кезінде апатпен күрескен сарбаздарды марапаттады.

№25744 әскери бөлімінің сарбаздарына табиғи апаттарға қарсы күресте табандылық пен батылдық танытқан үшін “Ақ жол” демократиялық партиясының Ұлттық Кеңесінің атына “Апатпен күрескені үшін” медалі табысталды.