16 тамыз 2024 жыл, “Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалы
“Ақ жол” депутаты Ержан Бейсенбаев “Каскор-Машзавод” ЖШС-нің мұнай кәсіпшілігі мен химиялық жабдық шығаратын өндіріс цехтарын аралады.
Зауытты аралау барысында цехтардың өнім шығару қуаттылығымен, оның мүмкіндіктерімен және технологиялық процестерімен танысты.
Айта кетейік, «Каскор-Машзавод» ЖШС
ҚР-дағы жетекші машина жасау кәсіпорындарының бірі болып табылады. Зауыт
әртүрлі күрделі техникалық жұмыстарды жүзеге асыратын заманауи жабдықтармен
жабдықталған. Зауыт облыстың, республикалық және халықаралық ауқымда мұнай-газ
кәсіпорындарының тіршілігін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын басшылығы алдағы жаспарларымен
таныстыру барысында компаниялармен іскерлік және достықты байланыстара отырып,
өзара тиімді серіктестікті дамытуға және ұлттық экономиканы нығайтуға қызмет
ететіндерін айтты.