5 мамыр 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
"Ақ жол" партиясының өкілі, облыстық мәслихат депутаты Ержан
Үсентаев Шымкенттегі өкілдікте азаматтарды қабылдады.
Ақтас ауылының тұрғындары көше жарығы мен ауыз су мәселесін көтерді.
2015 жылдан бері жарық жүйесі жеке кәсіпкер есебінен орнатылған, алайда
қазір жұмыс істемейді.
2012 жылы жүргізілген ауыз су жобасы тұрғындарға әлі қолжетімді емес.
Бәйдібек Ата ауылында электр желісі ескі бағаналармен беріліп отыр.
Депутат бұл өзекті мәселелерді назарға алып, тиісті органдарға ұсыныс
жолданатынын айтты.
Мәслихат депутаттары апта сайын халықпен кездесіп, түйткілдерді шешуге күш
салуда.



