19 қыркүйек 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық
партиясының баспасөз қызметі
“Ақ жол” демпартиясының Шымкент қалалық филиалының
жаңа төрағасы лауазымына 45-жастағы кәсіпкер Ержан Усентаев сайланды.
Ержан Усентаев, жоғары білімді кәсіпкер. Мамандығы
экономист, заңгер. Құрылыс, жол, туризм
салаларындағы бірнеше орта кәсіпорындардың құрылтайшысы мен басшысы. 2016 жылдан бастап «Ақ жол» демпартиясының
мүшесі, Түркістан облыстық мәслихатының VII шақырылым депутаты.
Жекеменшік бизнес пен саясатта тәжірибесі бар білікті
азамат,
Түркістан облысы мен Шымкент қаласына танымал, беделді
тұлға.