3 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Қордай аудандық мәслихатының депутаты
Ержігіт Смағұлов демеушілік жасап, Отар ауылының азаматтары елді мекен
көшелерінің ой-шұңқырларын тегістеу жұмыстарын жүргізді.
Ауыл көшелерінде күзгі-қысқы жауын-шашыннан кейін ойылып, шұңқырлар көбейе
түскен. Елді мекенге қатынау қиынға соққан соң, ауыл тұрғындары депутатқа көмек
сұрап қайырылған болатын.
Жөндеу жұмыстары кезінде жолдың ой-шұқырларына қиыршық тастар төселіп,
тегістелді.