31
Шілде

Ержігіт Смағұлов бастаған тұрғындар Отарда ауыл имамына асарлатып үй салуда

31 шілде 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған Қордай аудандық мәслихатының депутаты Ержігіт Смағұлов бастама көтеріп, азаматтар бірлесіп, асарлатып, ауыл имамына үй салып беруде. Сондай-ақ мешіт жанынан жамағатқа арнап, тахараттың құрылысын қоса бастады.

«Отар ауылындағы Әбу Ханифа атындағы мешіттің тахараты жоқ болатын. Ауыл азаматтарын ұйымдастырып, қаржыны өзіміз жинап, екі құрылысты да бастадық. Құрылысқа жастардан құрылған еріктілер тобы да көмектесіп жатыр. Әр тұрғын өз үлесін қосуда», - дейді Ержігіт Смағұлов.

Сауапты іске ауыл азаматтары бар ынтасымен үлес қосуда. Құрылыс нысандарының қабырғасын да бірге қалап, шатырын бірге жабуда.