12
Ақпан

Ержігіт Смағұлов Отар ауылында қоғамдық қабылдау өткізді

12 ақпан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан Қордай аудандық мәслихатына сайланған депутат Ержігіт Смағұлов Отар ауылында қоғамдық қабылдау өткізді.

Депутат тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, өтініш-ұсыныстарын тыңдады.

Қоғамдық қабылдауда азаматтар жол және бірқатар әлеуметтік мәселелерді қозғады. Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қатысты пікірлерімен бөлісті. Елді мекеннің көшелерінде жолдың жайы, қоқыс тастау мәдениет қалыптастыру туралы ұсыныстарын жеткізді. Тұрмыс жағдайы төмен отбасылар үйіне газ кіргізуге көмек берілсе деген тілектерін айтты.

Айта кету керек, бұған дейін ақжолдық депутат Ержігіт Смағұлов өзі бастап, демеушілік көмек ұйымдастырып, бірнеше отбасыға үйіне газ кіргізуге қолдау көрсеткен болатын.