4 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Қордай аудандық мәслихатының депутаты
Ержігіт Смағұлов қордайлық спортшы, самбодан Қазақстан чемпионы Шариз
Буралкиноваға қолдау көрсетіп, демеушілік жасады.
Ел біріншілігінен жеңіспен оралған спортшыны күтіп алып, сый-құрмет
көрсетті. Самбодан ұлттық құрама сапына шақырту алған Шариз 12-21 сәуір
аралығында Ташкент қаласында өтетін Азия және Океания чемпионаттарына қатысады.
«Шаризге біраз жылдан бері қолдау көрсетіп келемін. Ішкі біріншіліктерге,
халықаралық жарыстарға баруына көмектесіп, демеушілік жасадым. Азия және
Океания чемпионаттары – Шариздің ұлттық құрама сапындағы алғашқы белдесулері
болмақ. Сәттілік тілеймін!» - дейді Ержігіт Смағұлов.
Айта кету керек, 25-29 наурыз күндері Павлодар қаласында Самбо күресінен
Қазақстан чемпионаты өтіп, 59 келі салмақта белдескен Шариз Буралкинова 1
орынды иеленіп, чемпион атанды. Сонымен қатар, ұлттық құрама сапында Әлем және
Азия - Океания чемпионатына қатысу лицензиясын жеңіп алды.