06
Мамыр

Ержігіт Смағұлов тыл ардагері Рахымбай Нұрсұруповты Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

6 мамыр 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Енді бірер күнде елімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кеңінен аталып өтеді. Бұл атаулы дата Қазақстан халқы үшін ерекше маңызға ие. Осыған орай, еліміздің барлық өңірлерінде бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылуда.

«Ақ жол» партиясынан сайланған Қордай аудандық мәслихатының депутаты Ержігіт Смағұлов тыл ардагері Рахымбай Нұрсұруповты Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.

Жыл өткен сайын кешегі қанқұйлы соғыстың көзі тірі куәгерлерінің, соғыс жылдарында «Бәрі де майдан үшін! Бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен елде күндіз-түні бел жазбай еңбек еткен тыл ардагерлерінің қатары жыл санап сиреп жатыр. Рахымбай Нұсұрұпов – Жеңісті жақындатуға үлес қосқан тыл майданының жауынгерлерінің бірі.

Биыл 90 жасқа толып отырған ардагердің денсаулығы сыр бергенімен, ойы сергек, сөзі нық. Өзін іздеп, арнайы құрмет көрсетіп келген депутатқа ризашылығын білдіріп, батасын берді.

Ақжолдық депутат ақсақалға өлшеусіз ерен еңбегі үшін алғысын айтып, сый-құрмет көрсетті.