28
Қыркүйек

Ержігіт Смағұловтың бастамасымен ауылдың саябағы қайта жаңғыртылуда

28 қыркүйек 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған Қордай аудандық мәслихатының депутаты Ержігіт Смағұлов ауыл азаматтарын ұйымдастырып, Отар ауылындағы ескі саябақта сенбілік ұйымдастырып, қоқыстан тазартты.

Отардың кіреберісіндегі Байсары баба саябағы ұзақ жылдан бері қараусыз қалып, тозып тұрған болатын. Ақжолдық депутаттың бастамасымен ауыл тұрғындары бірлесіп, саябақтағы қураған ағаштарды бұтап, ішін қоқыстан тазартып шықты. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акция аясында өткізілген іс-шара мұнымен шектелген жоқ. Көпшілік саябақтың кірер қақпасын жаңартып, айналасына қоршау орнатты.

«Бір тал кессең, он тал ек» демекші, саябақтағы қураған ағаштарды бұтап, тазарттық. Енді осы жерге жаңадан тал көшеттерін отырғызбақшымыз. Саябақ ауыл тұрғындары саялайтын қоғамдық демалыс орнына айналуы тиіс», - дейді Ержігіт Смағұлов.