16 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
“Ақ жол” партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің мүшелері
Ахатқызы Бинұр мен Акабай Мадина “Debate Show” пікірсайыс ойындарында әділ
төрешілік еткені үшін марапатталды. Олардың әділ бағалауы мен кәсіби көзқарасы
пікірсайысшылардың жоғары деңгейде өнер көрсетуіне ықпал етті.
Бинұр мен Мадина бұған дейін де Британдық парламенттік форматтағы
пікірсайыс турнирінде жеңімпаз атанып, өздерінің шешендік қабілеттерін
дәлелдеген болатын.
Олардың бұл жетістіктері жастар арасындағы көшбасшылықты нығайтып, қоғамдық
белсенділікті арттыруға үлкен үлес қосады.
“Ақ жол” партиясының Абай облыстық филиалы жастардың осындай бастамаларын
әрдайым қолдайды және болашақта да қолдау көрсетуге дайын.