Бұл кәсіпкерлер бірлестігі артында мыңдаған адамы бар республикадағы ең
көне бірлестіктердің бірі болып, жақында ширек ғасырлық мерейтойын атап өтеді.
Осы уақыт ішінде базардағы саудадан бастап, елеулі айналымдары бар сауда
үйлеріне дейін өскен. Жібек Төреханқызымен жаңа Салық кодексін, СНР қолдану
тәртібін, өнімді, әсіресе азық-түлік өнімдерін сатудан өндіруге көшуді
ынталандыру секілді кәсіпкерлерді толғандыратын мәселелерді талқыладық.
Базарларды жаңғырту, санитарлық және өртке қарсы талапқа сай заманауи,
өркениетті кешендерге айналдыру— осы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс бөлек
тақырып. Қауымдастық мүшелерінің айтуынша, процесс қарқынды жүріп жатыр. Бірақ
бүгінгі күні бөлшек сауда маркетплейстер тарапынан қатаң бәсекеге ұшырап жатыр.
Сондықтан бизнес жаңа формаларды іздеуге және экономиканың басқа салаларын
игеруге мәжбүр.
Басқа да тақырыптар қозғалып, Қауымдастық «Ақ жол» фракциясының сала
өкілдерімен тақырыптық кездесуін өткізуді сұрады. Биылғы күзде осындай кездесу
өткізуге келістік.