08
Қазан

Гаухар Менлибаева Ұлытау облыстық университеттің студенттеріне тағылымды кеш ұйымдастырды

8 қазан 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы

8 қазан күні 2025 жылы “Ақ жол” партиясының Жетысу облыстық филиалының Жастар Кеңесінің үйлестірушісі Гаухар Менлибаева Ұлытау облыстық университеттің студенттеріне тағылымды кеш ұйымдастырды. 

Дәріс барысында Байқоңыров атындағы Жезқазған Университетінің 3 курс студенті Ақжол Жантлеуов студенттерге Қабдеш Жұмаділданың өмірі мен шығармашылық жолы туралы әсерлі баяндама жасап, оның туындыларындағы ел мен еркіндік рухын ерекше атап өтті.

Қазіргі таңда, “Ақ жол” демпартиясының Жастар Кеңесі ұлт тағдырына үлес қосқан қайраткер Қабдеш Жұмаділдің тұлғасын Шымкент, Астана, Семей, Тараз, Қостанай, Талдықорған және Жезқазған қалаларындағы жастарға таныстырылды.

“Ақ жол” партиясының Жастар Кеңесі Ұлытау облыстық филиалының ұжымына жастарға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.

Ақ жол!