11 желтоқсан 2024 жыл, Түркістан облыстық филиалы
Өгем-Сайрам мемлекеттік ұлттық табиғи паркі: Табиғат пен туризм үйлесімі
Өгем-Сайрам мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде көшпелі үйлестіру кеңесі
өтті. Кеңес барысында бірнеше маңызды мәселелер талқыланды:
Жер пайдаланушылардың келісім-шарт талаптарының орындалуын бақылау
Құрылыс нысандарының сапасын тексеру
Өгем-Сайрам мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің көшпелі үйлестіру кеңесі
осыдан ең жыл бұрын құрылған болатын. Кеңес мүшелері әр тоқсанда бас қосып,
парк жұмысын жетілдіру, даму жоспарларын нақтылау, қаражатты меңгеру т.б. өзекті
мәселелер жайлы талқылайды.
Көшпелі үйлестіру кеңесінің мүшесі, «Ақ жол» партиясының өкілі, Қазығұрт
аудандық мәслихат депутаты Айбек
Мықтыбайұлы кезекті басқосуға қатысты.
Демалыс орындарын салу мақсатында 2019 жылы 4 кәсіпкер
25 жылға жерді жалға алған. Келісілген уақыт мерзімінің алғашқы 4 жылында
олар туризмді дамытуға бағытталған ғимарат салу керек болатын. Жаңадан ашылатын
нысан 1 сәуірден бастап туристтерге қызмет көрсете бастайды. Көшпелі үйлестіру
кеңесінің мүшелері осындай жобалардың
даму деңгейімен танысып қайтты.
Жоба белгіленген межеде пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Кеңес жұмысына бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Бақыт Тоқтасынұлы
Айнабеков жетекшілік етті. Бақыт Тоқтасынұлының мол тәжірибесі мен кәсібилігі
бұл салада ерекше рөл атқарады. Табиғатты қорғау, туризмді дамыту және жер
пайдаланушылардың жұмысын жүйелі түрде қадағалау бағытындағы біліктілігі
кеңестің жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті.
Инфрақұрылым
Парк заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда демалушылар мен
кәсіпкерлер үшін барынша қолайлы жағдай жасалған.
Қызметкерлердің кәсібилігі
Инспекторлар мен орманшы мамандардың кәсіби шеберлігі жоғары деңгейде.
Табиғатты шын жүрекпен сүйетін, өз саласын жетік меңгерген мамандарды көріп,
ерекше қуанышқа бөлендік.
Туризмді дамыту
Парк аумағында туризм саласы жақсы дамып, келушілер үшін барлық
мүмкіндіктер жасалған.
Қазақстанның әсем табиғатының куәсі болғыңыз келсе, Өгем-Сайрам ұлттық
паркіне келіңіз!
Бұл мекен табиғаттың кереметін көруге, демалуға және шабыттануға арналған
ерекше орын.
Табиғатты бірге қорғап, болашақ ұрпаққа аманаттайық!