Ғани Хамзин С.Торайғыров атындағы университетінің студенттерімен кездесті
23 ақпан 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының павлодар облыстық филиалы
Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Ғани Хамзин, партия атынан сайланған қалалық мәслихат депутаттары Қ.Тұрсынбаев, А.Леонов Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы университет студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында депутат өз қызметі туралы айтып, "Ақ жол" партиясының саяси бағдарламасының басым бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ жастарға жеке кәсіппен айналысу барысында оны дамыту бойынша кеңестер берді.
Студенттер мәжілісімен бірге өздерінің көкейлеріндегі мәселелердің шешу жолдарын талқылады. Олар көтерген ең маңызды мәселелер:
Қазақстанда мобильді дерек беру жүйесінің нашар жұмыс істеуі;
жұмысқа орналасудағы қиындықтар;
мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру;
тұрғын үйлерге газ бен жылу жүйелерін тарту;
су ресурсы саласындағы проблемалар;
инвестициялау кезінде дұрыс таңдау жасау;
еліміздің ішкі туризмін дамыту;
тиімсіз Квазимемлекеттік сектормен және заңсыз майнерлермен күресу жолдар туралы және т.б.
Расында да ұялы байланыс пен интернет нарығында бәсекелестік нашар дамыған, өйткені еліміздегі 3 мобильді оператордың ортақ акционері - Қазақтелеком, ал толығымен жеке меншік болып саналатыны Beeline. Сондай-ақ базалық станциялардың тығыздығы жеткіліксіз қамтамасыз етілген. Ұялы байланыс операторларына қатысты айыппұлдар олардың кірістеріне қарағанда тым төмен. Бұл мәселелер бойынша біздің фракция Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусиннің атына жолданған депутаттық сауалда толық көрсетілген, - деді Ғани Хамзин.
Сонымен бірге депутат елімізде «Алғашқы жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 3000 жас, «Жастар практикасы» бойынша 22 000 адам жұмыспен қамтылған. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Сол үшін "Ақ жол" фракциясы мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік секторда жастарға, әйелдер мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 30% квота енгізуді ұсынды. Ондағы жұмыс орындарының жалпы саны 880 мыңнан асатынын айтты.
Мемлекетке жұмыс орындарын құрып, салық төлейтін кәсіпкерлер үлкен көмек көрсететіп отыр. Көбінесе бұл адамдар белсенді азаматтық ұстанымы бар жандар. Егер елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласқысы келетен кез-келген ҚР азаматы қоғамдық бірлестіктерге, саяси партияларға мүше бола алады», - деді мәжіліс депутаты.
Квазимемлекеттік құрылымдарға келетін болсақ, бұл тұрғыда ең әуелі ашықтық қажет. Осы ақпан айының басында біздің фракцияның депутаттары квазимемлекеттік құрылымдардың, соның ішінде "Самұрық - Қазына" мен "Бәйтерек" қорының бюджеті Парламент арқылы өтіп, қоғамға есеп беруін талап етті. Ал Майнинг фермаларындағы ақ майнерлер үшін тұтынылатын электр энергиясына қосымша салықты 1 квт/сағ үшін 1 теңгеден 10 теңгеге дейін арттыру ұсынылуда, ал қара майнерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі олардың қызметін апта сайын тоқтататып жатыр, - деді халық қалаулысы.
Кездесу соңында депутат жастарды белсенді азаматтық ұстаным көрсетуге, мемлекеттің дамуына өз үлесін қосуға шақырды. Жастардың үнін жоғарғы билік өкілдеріне жеткізіп, барлық мәселелер «Ақ жол» фракциясының алдағы жұмысында қаралатынын айтты.
Студенттер Ғани Болатұлына шынайы әрі ашық диалог үшін ризашылықтарын жеткізді. Кездесуден кейін университет студенттері "Ақ жол" партиясына мүше болуға ниет білдірді.