15 наурыз 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы
“Ақ жол” партиясы Павлодар филиалы төрағасының орынбасары Гүлмира Мусинова
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликованың қатысуымен Достық үйінде
өткен “Қош келдің, Наурыз - жыл басы” мерекелік іс-шарасына шақырылды.
Мереке Қазақстан мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігін толық көрсетіп,
қазақстандық бірегейлікті сақтауға ықпал етіп, отбасылық құндылықтар мен облыс
этностарының жақындасуын насихаттады.