13
Қараша

Гүлжанат Рахатқызы жүргізетін JasaMedia подкастының бүгінгі қонағы - Қайырлы Қасенов болды

13 қараша 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының мүшесі, кәсіпкер-журналист Гүлжанат Рахатқызы жүргізетін JasaMedia подкастының бүгінгі қонағы — Қайырлы Қасенов.

🔹Ол — Абай облысының мәслихат депутаты, кәсіпкер, меценат. Елге адал қызмет етіп жүрген азаматтың өмір жолы мен құндылықтары бұл сұхбатта кеңінен талқыланды.

🔹 Сұхбат тақырыптары:

* Отбасылық құндылық және жар таңдау

* Бала тәрбиесіне көзқарасы

* Ұстаздықтан басталған еңбек жолы

* Ата кәсіп — мал шаруашылығын дамыту

* «Ақбас» бренді мен халықаралық жоспарлар

* Үш мешіттің салынуына себепкер болуы

* Құрылыс саласындағы тәжірибесі

* Депутаттық қызмет және халық аманатына адалдық

Бұл подкаст — рухани құндылық, еңбексүйгіштік және елге қызмет етудің жарқын үлгісі.

Өңірдің үлгілі азаматтарын насихаттау — Абай облыстық филиал жұмысының маңызды бөлігі.