26
Маусым

Горяной Сергей ерекше балалар ұйымына қолдау көрсетті

26 маусым 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы

Алматы облысы, Қонаев қаласында орналасқан “Ерекше балалар Одағының” қорына Алматы облысы мәслихатының “Ақ жол” демпартиясынан сайланған маслихат депутаты Горяной Сергей  Орталыққа керекті спорттық жаттықтыру құралдарын алуға қаржылай көмектесті. Бұл ұйымға депутат әрдайым көмек қолын созып келеді. Қазіргі  уақытта елімізде ерекше балалар саны артуда. Бұл өте өкінішті. Біздің болашағымыз осы өскелен ұрпақта. Олардың денсаулықтарының дұрыс болмауы бізді алаңдатады.