20
Ақпан

Горяной Сергей Владимирович қала тұрғындарын қабылдады

20 ақпан 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы

2025 жылғы 20 ақпанда, Алматы облысы Қонаев қаласында, «Ақ жол» демпартиясының облыстық маслихат депутаты Горяной Сергей Владимирович,  қала тұрғындарын қабылдады.

Қабылдау барысында Қонаев қаласының тұрғыны ТКШ мәселелері бойынша жүгінді, атап айтқанда Қонаев қаласының 1-ші шағын ауданының аулаларын абаттандыру, сондай-ақ қосымша балалар ойын алаңдарын орнату қажеттілігін айтты.

Осы мәселе бойынша Горяной Сергей Владимирович жұмыстарды жүргізу тәртібі туралы түсініктеме беріп, сондай-ақ қаланы абаттандырудың 2025-2026 жылдарға арналған жоспарларына қатысты жеке сұрау салуды қалыптастыратынын айтты.