11
Қыркүйек

Халық қалаулылары сыр өңірін аралады - Казак унi (Алматы)

 
ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев және сенат депутаттары іс-сапармен Қызылорда облысында болды
Халық қалаулылары өздерінің демалыс уақытын пайдаланып жер-жерлердегі сайлаушылармен кездесіп, аймақтардағы тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысуда, Сондай кездесулердің бірқатары күрішті Қызылорда облысында да етті.
Жаңарған Жалағаш
«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Алмас Тұртаевтын Қармақшы ауданындағы сапары атылмыш ауданға қарасты Ақай елді-мекеніндегі 280 орындық балабақшаның жұмысымен танысудан басталды. Сонымен қатар аудандағы «Жамал» қонақ үйі мен «Меруерт» сауда үйі сияқты кәсіпкерлік нысандары да жұмыс жоспарынан тыс қалмады. Аталмыш мекемелер мен кәсіп иелерінің жұмыс орындарын аралап, қызметкерлерімен пікір алмасты.
Іс-сапар барысында Төретам кентінің клубында өткен аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп, Қорқыт ата мемориалды кешенінің және зиярат ету орталығының жұмысымен танысты. Мәжіліс депутаты қайта жаңғыртудан өткен мемориал құрылысының сапасына оң баға беріп, баба рухына тағзым етті. А.Тұртаевтың Қарамақшы ауданындағы сапары Жосалы кентіндегі жаңадан салынған мұражай мен кітапхана жұмысымен танысумен тәмамдалды. Мұражай экспонаттары мен ондағы тарихи құнды заттарының өңір тарихының тереңде жатқанының айқын айғағы екенін айтып өтіп, кітапханаға жастарды көптеп тартуды ұсынды.
Ары қарай халық қалаулыларының аудандарға іс-сапары Жалағаш кентінде жалғасты. Аудан орталығы Жалағаш кентіндегі 200 орындық жаңа мектеп құрылысымен қайта жаңғыртудан өткізіліп жатқан №246 орта мектептің жұмыстарымен танысып, құрылыс сапасының кейбір тұстарына көңіл аударды.
Сонымен қатар, Ақсу ауылдық округіндегі мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасының арқасында іске асып жатқан жаңадан салынған су айдау стансасының жұмыс барысына жоғары баға берді. Бүгінгідей кезеңде көптеген ауылдық елді-мекендер ауызсу тапшылығын тартып отырғаны белгілі. Бұл құрылыс
осы маңызды мәселені толық шешіп, жергілікті халықты тіршілік нәрімен қамтамасыз етуге тиісті. Әңгіме барысында ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарламаның халыққа шарапаты тиіп отырғанына қуанышты екендіктерін жеткізді.
Алыстағы арал
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты А.Тұртаев пен сенат депутаттары Арал ауданына қарасты Қамыстыбас елді-мекеніндегі Қамбаш қосымша білім беру орталығында болды.
Аты әлемге әйгілі теңіздің жағасын жайлап жатқан Арал күрішті өңірдің ең шалғай аудандарының бірі. Бұл ауданда депутаттар алдымен аралдықтардың мақтанышы болып есептелетін «Арал тұз» АҚ тұз өңдеу зауыты, «Ранар» ЖШС ұн өндіру комбинатында болды. Бұдан да басқа бірнеше кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысын, аталмыш кәсіпорындардың жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында жұмысшылардың еңбек ақылары уақытында төленіп тұрғандығы айтылып, биылғы жылы жалақыларынын 20 пайызға ескені жайлы хабардар етілді.
Халық қалаулылары одан кейін аудандағы газ құбырларының жүргізілу қарқынын көріп, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның жоспарланған жобаға сәйкес жұмыстары жүргізіліп жатқандығын бағдарлады. Кәсіпорын жетекшілері жылу маусымына дейін тапсырылған жұмысты уақытында аяқтау жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Одан әрі Арал ауданындағы Ә.Нұрпейісов атындағы мұражайға соғып, жаңартылған экспонаттармен танысты.
Қарқынды Қазалы
Депутат А.Тұртаевтың Қазалы ауданындағы сапары Көларық, Арықбалық ауылдық округтерінде өтті. Кездесуде депутат Парламентте қабылданған бірқатар заңдарға тоқталып, түсініктеме берді. Сонымен катар, ауыл тұрғындары мен қоғамдастық мүшелерінің ұсыныс пікірлерін тыңдап, тұрғындар үшін түйткілді шешеді табылмаған мәселелер: ауызсу тапшылығы сөз етілді. Кездесу соңында А.Тұртаев барлық айтылған ұсыныс-пікірлер мен мәселелерді бақылауға алып, оң шешімін табу жолында жұмыс істейтіндігіне сендірді.
Сонымен катар, аудандык мәслихат депутаты М.Өтеевтің құрылысы жүргізіліп жатқан мал бордақылау аланында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесуде мәслихат депутаттары Ғ.Әліш, К.Бижанов, Ө.Түктібай және өзге де тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға келісті.
Халық қалаулылары сапар соңында ауданның даму қарқынының өзгелерге қарағанда көш ілгері екендігін айтып, өңірдің өркенді істеріне сәттілік тіледі.

Источник - Казак унi (Алматы), № 35 (689), 03.09.2015