Халықтың қанын сорып отырған банктерді неге қаржыландыра береміз? /Бақыт Жаншаева/ - www.alashainasy.kz
Зейнетақы қорындағы қаражатымыздың қайда, қалай сақталып жатқандығынан хабарымыз жоқ. Азат Перуашевтың Мәжілісте сол туралы айтқандарын естігенде, шашымды жұлардай болдым.
Ол: «зейнетақы қорынан Евразиялық банке - 78 млрд теңге, Каспий банкке - 169 млрд теңге, банкрот болайын деп жатқан Альянс, Темір банке - 39 млрд теңге, СберБанкке - 150 млрд теңге беріліпті» деді. Үкімет те береді банктерге, енді келіп зейнетақы қорынан да береді. Ол халықтың қанын сорып отырған банкті неге қаржыландыра береміз? Бітіріп отырған түктері жоқ. Банктердің топ менеджерлері миллиондап айлық алу үшін бе? Халықтың жинақталған ақшасының күлі көкке ұшқаны ма? Халықтың тағы алданғаны ма? Жинаған ақшамыздан ертең зейнеткерлікке шыққанда дым ала алмай қаламыз ба? Кімге сенеміз?
Бақыт Жаншаева
Facebook-тегі парақшасынан