7 шілде 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Абай облысынан сайланған Жарма аудандық мәслихат депутаты, “Ақ жол”
демократиялық партиясының мүшесі Қарақанов Марат Шар қаласындағы жол жөндеу
жұмыстарының сапасына байланысты арнайы тексеру жүргізді.
Атап айтқанда, шұңқырларды жамау (ямочный ремонт) барысында атқарылған
жұмыстарды өз көзімен көріп, олардың сапасына баға берді. Қарақанов Марат “Ақ жол”
партиясы атынан қоғамдық бақылау жүргізіп, кемшіліктерді анықтап, бұл мәселені
мәслихаттың күн тәртібіне шығарды.
Депутат мәселені тек бақылап қана қоймай, тиісті мекемелерге нақты
ұсыныстар беріп, жолдардың сапалы әрі ұзақ мерзімге жарамды болуын талап етті.
Мұндай тексерістер алдағы уақытта да жалғасын табады. Қарақанов Марат аудан
халқының тұрмыс сапасын жақсарту үшін инфрақұрылым, жол, көлік және коммуналдық
қызмет мәселелеріне қатысты бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізетінін жеткізді.
“Ақ жол” партиясы үшін ашықтық, әділдік және халықпен кері байланыс — басты басымдықтардың бірі.