2024 жыл 19 қыркүйек, Маңғыстау облыстық филиалының
баспасөз қызметі
Бүгін АЭС құрылысын қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелері М. Өскінбаев
атындағы Маңғыстау облыстық филармония қызметкерлерімен экспромт кездесу
өткізді. Кездесуде штаб мүшелері Нури Тұмышев, Пәния Сармурзина және Ғазиза
Тәжібаева АЭС құрылысы жайлы ақпараттар берді.
Атом энергетикасы экономика салаларының
дамуын алға жетелейтін және жалпы ішкі өнімнің өсімін қамтамасыз ететін
қуатты құрал болмақ.
«Мамандар мәліметіне сүйенсек, елімізде
энергия тапшылығы жыл сайын 3
пайызға өсіп отыр екен. Бұл көрсеткіш уақыт өткен сайын артады деген болжамда
бар. Бір нәрсеге тоқталғым келеді. Мысалы сіздердің қолдарыңыздағы астапты
қалай тарту керек? Одан қандай үн шығаруға болады? Оны сіздерден артық ешкім
білмейді. Өйткені сіздер музыка саласының нағыз майталманысыздар. Сол сияқты
еліміздегі атом энергетикасы мамандарына сенім білдіргеніміз жөн сияқты. Себебі
олар АЭС құрылысына қатысты қауіпсіздік пен қорғаныс факторларын жан-жақты терең
зерделенген. Алпауыт елдер атомның жойқын қуатын экономиканың үдемелі дамуына бағыттап отыр.
Президентіміз ел ертеңі үшін елеулі мәселені
халық талқысына салу арқылы азаматтарды шешім қабылдау процесіне
қатысуды қуаттап отырғаны қуантады. Мен баршаңызды референдумға қатысып, өз азаматтық ұстанымыңызды білдіруге
шақырамын» - деді халықтық штаб мүшесі Ғазиза Тәжібаева.
Кездесу соңында филармония қызметкерлері референдум өткізу идеясын
қолдайтындарын әрі 6 қазан күні дауыс беруге баратындарын айтты.