2024 жыл 17 қыркүйек, Маңғыстау облыстық филиалының
баспасөз қызметі
Бүгін АЭС құрылысын қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штаб “Aйком Ltd” ЖШС
ұжымымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Штаб мүшелері Ғазиза Тәжібаева, Ранида Балжанова, Аллаберген Қонарбаев АЭС
салу мәселесінде халықтың таңдауы маңызды екенін айтып, қазанда өтетін
референдумда белсенді болуға шақырды.
Сонымен қатар кездесуде АЭС құрылысының экономикалық, экологиялық тұрғыдан
тиімді екенін, ЖЭК мен атом электр станциясының ерекшеліктерін, инфрақұрылымның
дамуына серпін тигізетінін тілге тиек етті.
«Мамандар болжамы бойынша елде 2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну
деңгейі 152,4 млрд кВт/сағ болады. Алайда қазір қолданыстағы энергия көздерінің
өндірісі ескіріп, экологиялық санкциялар күшеюде. Бұл өз кезегінде энергия
қуатының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Осы сала өкілдері АЭС бой көтерсе,
іргелес салаларға мультипликативті әсер беретінін айтады. Экономикалық,
энергетикалық қуатты еселемек. Сондай-ақ мамандардың айтуынша, АЭС-ның дәстүрлі
көмір және газ электр станцияларынан айырмашылығы атом электр станциялары
энергия өндіру кезінде ауаға көмірқышқыл газын шығармайды екен», - деді штаб
мүшесі Ғазиза Тәжібаева.