2024 жыл 17 қыркүйек, Маңғыстау облыстық филиалының
баспасөз қызметі
Ақтауда АЭС құрылысын қолдау жөніндегі штаб мүшелері Нұрбек Қарасаев,
Ғазиза Тәжібаева, Ранида Балжанова, Серікбай Тулетов, Киікбай Жаулин Yessenov
University қызметкерлерімен кездесіп, референдум, атом электр станциясының
болашағы, ғылым мен білім жайлы пікір алмасты.
Қазіргі таңда елде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70%-ы
көмір электр станцияларына тәуелді. Алайда, жұмыс істеп тұрған станциялар жыл
өткен сайын тозып, істен шығуда. Бұл өз кезегінде электр энергиясының
тапшылығына әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар елдің экономикасы мен экологиясы
үшін де аса қауіпті.
Штаб мүшелерінің айтуынша, елдің энергетикалық тұрақтылығын сақтап, түрлі
салада топ бастауымыз үшін АЭС бой көтеруі керек. Ал АЭС қызметі мен салынуына,
ел азаматтарын тұрақты жұмыспен қамтуға мемлекет қауқарлы екенін алға тартты.
Шара соңында университет ұжымы АЭС-ның экологияға, нақтыласақ Балқаш көліне
әсері, экономикалық тиімділігі бойынша сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.