27
Қазан

Халық қалаулылары Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округінің әкімімен кездесті

27 қазан 2021 жыл, «Ақ жол» Демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Б.А. Мельников, Зеренді аудандық мәслихат депутаты Е.Д.Жақсылықов пен Зеренді ауданы Сәкен Сейфуллин атындағы селолық округінің әкімі Б.Е. Әділханов кездесті.

Басқосуда Бейбіт Есенкелдіұлы ауылдық округтің бірқатар өзекті мәселелерін алға тартып, ауыл тұрғындарының проблемаларын, оның ішінде көптен бері шешімін таппай келген Қараөзек, Жаңатілек ауылдарында көшелердің жарықтандыруы,Бірлестік ауылында интернет желісінің жоқтығы мен су құбырларының күрделі жөндеу жұмыстарын керек  ететінін және жол мәселесі туралы да айттып,  шешу жолдарын да әңгімелеп, өзектілігін жеткізді.

Халық қалаулылары  ауыл әкімінің өтінішін мұқият тыңдап, аталған проблемаға жауапты мекемелердің басшылығына депутаттық сауал жолдайтын болды.  Партия филиалының ұжымы мен депутаттары жақын арада бұл мәселе негізінде нақты жұмыстар атқаруға уағдаласты.