18
Қараша

«ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауының екінші кезеңі мәресіне жетті

18 қараша 2023 жыл, “Ақ жол” Демократиялық партиясының баспасөз бөлімі

 

Шымкент қаласындағы Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Ақ жол» демократиялық партиясының дәстүрлі «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауының екінші кезеңі өтті.

Байқауға алаштанушы ғалымдар, оның ішінде, «Алаш» рухани және мәдени даму институтының директоры, әлихантанушы Сұлтан Хан Жүсіп Аққұлұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., алаштанушы Қайырбек Кемеңгерұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, ф.ғ.к., алаштанушы Қайрат Сақ, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық интитутының доценті Қайрат Анарбаевтар қазылық етті. 


Оған қоса Ақ жол партиясы Орталық аппаратының басшысы Асылхан Қожахметов, Ақ жол партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ержан Үсентаев және де мәслихат депутаттары қатысты. 

Сараптау комиссиясы байқауға түскен жұмыстарды тексеріп, 4 номинация бойынша жалпы саны 41 үздік жұмысты екінші кезеңге іріктеді.

Еліміздің әр аймағынан келген 41 қатысушы «АЛАШТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҒЫ», «АЛАШТЫҢ РУХАНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҢ ОЯНУЫ», «АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ», «АЛАШ ТАРИХЫНЫҢ «АҚТАҢДАҚТАРЫ» номинациясы бойынша бақ сынап, оның 14-і ақтық кезеңге жолдама алды.

Дәлірек айтқанда,

- «АЛАШТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҒЫ» номинациясы бойынша

- Ақансері Казахбаев, «Астана» халықаралық университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық жоғары мектебі факультетінің студенті.

- Дарын Жахангер, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультетінің студенті.

- Ақгүл Жеңісханқызы, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті


- «АЛАШТЫҢ РУХАНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ

ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҢ ОЯНУЫ» номинациясы бойынша:

- Лиза Конбаева, Ақтау қаласы № 11 лицейі тарих пәнінің мұғалімі.

- Әсем Өскен, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушысы.

- Гайнегүл Аймыратова, Қызылорда қаласы Байұзақ Ермекбаев атындағы № 271 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.

- Рашид Кемелбек, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің 3 курс студенті.

- «АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ» номинациясы бойынша:

- Нұрғасыр Теміржан, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университетінің студенті.

- Талшын Касенова, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты.

- Гүлнұр Сапарова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультеті

- «АЛАШ ТАРИХЫНЫҢ АҚТАҢДАҚТАРЫ» номинациясы бойынша 

- Ертай Біләл, Абай атындағы ҚазҰПУ, филология факультетінің 2 курс магистранты.

- Жауынбай Жылқыбайұлы, А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ, Филология факультетінің 2-курс магистранты.

- Райымбек Өмірбаев, Семей қаласының Шәкерім атындағы университет, филология факультеті, қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушысы.

- Даниал Айдаров, Алматы қаласы химия-биология бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» 11 сынып оқушысы жұмыстары оң бағаланып, алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.


Еске сала кетейік, байқау биыл 12-ші рет ұйымдастырылды. Байқаудың екінші кезеңін еліміздің  әр аймағында өткізу дәстүрге айналған. Бұған дейін Семей, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Астана, Ақтау, Орал қалаларында өтті.